Соңғы жаңарту: 2026 жылдың 15 маусымы
1. Жалпы ережелер
Zerdeli қосымшасын пайдалану арқылы сіз осы шарттармен келісесіз. Қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.
2. Қызмет сипаттамасы
Zerdeli платформасы мынадай қызметтер ұсынады:
- ЕНТ грант мүмкіндігін талдау (Грант анализатор)
- Кәсіби бағдар тесттері (MBTI)
- Университеттер мен мамандықтар каталогы
- Онлайн курстар мен сабақтар
- Оқулықтар кітапханасы
- AI Zerdebek — жасанды интеллект көмекшісі
- Пробалық ЕНТ емтихандары
3. Тіркелу және аккаунт
- Тіркелу үшін телефон нөмірі қажет
- Дұрыс ақпарат беру міндетті
- Аккаунт құпия сөзінің қауіпсіздігіне сіз жауаптысыз
4. Төлем шарттары
Кейбір қызметтер ақылы (курстар, AI Zerdebek шексіз режимі). Төлем Kaspi арқылы жүзеге асырылады. Ақша қайтару саясаты жеке қарастырылады.
5. Пайдаланушы міндеттері
- Платформаны заңды мақсаттарда пайдалану
- Басқа пайдаланушылардың құқықтарын бұзбау
- Контентті рұқсатсыз көшірмеу немесе таратпау
6. Жауапкершілікті шектеу
Zerdeli талдау нәтижелерінің 100% дәлдігіне кепілдік бермейді. Грант анализатор нәтижелері тек ақпараттық сипатта және ресми шешім болып табылмайды.
7. Байланыс
Сұрақтарыңыз болса: support@zerdeli.kz