Нақты мүмкіндігіңізді білгіңіз келе ме?
Анализатор балыңызды конкурспен салыстырып, қолайлы нұсқаларды көрсетеді.
Маркетолог – нарықтағы тауар мен қызметтің тұтынушыға жетуіне мән беретін маман. Бәсекелестердің ерекшеліктерін, кәсіпорынның ішкі мүмкіндіктерін, салалық ерекшелікті, пайдаланылатын технологияларды әрдайым бақылап отыратын адам. Жұмысы жайлы: Белгілі бір тауардың рыноктағы айналымын зерттеп, оның бағасының өзгеруіне байланысты компанияны дамытуға жоспар жасайды. Тауарды сатып алушыларды тауып, қай уақытта және кімге сатудың тиімді екенін анықтаумен айналысады. Маркетологтар өнімді сатумен айналысатын кез-келген компанияда, банкте жұмыс жасай алады. Жасалған жұмысына және компанияның табысына қарай маркетологтың жалақысы да өсе береді. Басты қасиеттері: - Ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлеу; - Word, Excel, PowerPoint, интернетпен жұмыс жасай алу; - Ақыл-ой мен логиканың жоғарғы деңгейде болуы; - Келісімге келу қабілеті; - Креативтілік.
Жылдар бойынша жалпы конкурс динамикасы өтініш алдында бағдар береді.
| Жыл | Грант | Мин. | Макс. | Ауылдық |
|---|---|---|---|---|
| 2025 | 99 | 114 | 133 | 0 |
Деректер: жалпы конкурс, күндізгі оқу нысаны
Университет карточкасына өтіп, шарттар мен бағыттарды қараңыз.
Анализатор балыңызды конкурспен салыстырып, қолайлы нұсқаларды көрсетеді.
Осы мамандық бойынша грант, балл және пәндер туралы қысқа жауаптар.
B047 «Маркетинг и реклама» бойынша 2025 жылы жалпы конкурстың өту балы 114 баллдан басталды. 2026 жылғы нақты өту балы ҰБТ нәтижесі мен конкурсқа байланысты. Грантқа түсу мүмкіндігіңізді Zerdeli анализаторы арқылы тексеріңіз.
B047 «Маркетинг и реклама» мамандығына ҰБТ-ның бейіндік пәндер жұбы: Математика – География.
2026 жылы B047 «Маркетинг и реклама» мамандығына барлығы 200 грант бөлінді. Бұл мамандықты Қазақстанның 32 ЖОО-сы ұсынады.