Нақты мүмкіндігіңізді білгіңіз келе ме?
Анализатор балыңызды конкурспен салыстырып, қолайлы нұсқаларды көрсетеді.
Есеп және аудит – салық және басқару есебінің дұрыстығын, жұмысшыларға еңбекақы есептейтін маман иелерін дайындайды. Азаматтық келісім шарт негізіндегі төлемдер, салық шығындарын азайту, салықтық есеп берулерді тапсыру жұмыстарын атқарады. Кәсіпорын меншігіндегі заттарды түгендеу жұмыстарына қатысатын, банк және несие ұйымдарымен белсенді қарым-қатынаста болатын, сыртқы экономикалық шаруашылық қызметтерін атқаратын маман. Жұмысы жайлы: Бұл мамандықты оқу арқылы негізінен бухгалтерлік жұмыс атқарасыз. Яғни, түрлі компанияларға жұмысқа белгілі бір мерзімге есеп беріп, компанияның кірісін көбейтіп, шығының азайтатын жолдарды іздейсіз. Қаржының белгілі бір облысқа дұрыс және нақты жеткілікті деңгейде болуын қадағалайсыз. Бухгалтерге жұмыс табу оңай, жалақысы жоғары және мансабыңызды дамытуға мүмкіншіліктер көп. Басты қасиеттері: - Есепті қатесіз, дұрыс жасай алу; - Салық және қаржы салалары бойынша мемлекет заңдарын білу; - Қаржыны сақтауға тиімді жоспарлар құра алу; - Microsoft Office Excel, 1С программасымен жұмыс жасай алу.
Жылдар бойынша жалпы конкурс динамикасы өтініш алдында бағдар береді.
| Жыл | Грант | Мин. | Макс. | Ауылдық |
|---|---|---|---|---|
| 2025 | 137 | 120 | 134 | Мин.: 111 · Макс.: 120 |
Деректер: жалпы конкурс, күндізгі оқу нысаны
Университет карточкасына өтіп, шарттар мен бағыттарды қараңыз.
Анализатор балыңызды конкурспен салыстырып, қолайлы нұсқаларды көрсетеді.
Осы мамандық бойынша грант, балл және пәндер туралы қысқа жауаптар.
B045 «Аудит и налогообложение» бойынша 2025 жылы жалпы конкурстың өту балы 120 баллдан басталды. 2026 жылғы нақты өту балы ҰБТ нәтижесі мен конкурсқа байланысты. Грантқа түсу мүмкіндігіңізді Zerdeli анализаторы арқылы тексеріңіз.
B045 «Аудит и налогообложение» мамандығына ҰБТ-ның бейіндік пәндер жұбы: Математика – География.
2026 жылы B045 «Аудит и налогообложение» мамандығына барлығы 130 грант бөлінді. Бұл мамандықты Қазақстанның 56 ЖОО-сы ұсынады.