Нақты мүмкіндігіңізді білгіңіз келе ме?
Анализатор балыңызды конкурспен салыстырып, қолайлы нұсқаларды көрсетеді.
Жалпы медицина - денсаулығында ақауы бар адамдарды тексеріп, емдеумен айналысатын мамандар. Жұмыс істеу орындары: клиникалар, емханалар, ауруханалар, перзентханалар, жоғарғы оқу орындары, мектеп. Оқуы жайлы: Жалпы медицинада оқу арқылы сіз медицина саласы және мамандықтары туралы білім аласыз. Медицинада 6 жыл оқып, бакалавриатты және магистратураны бітірген болып саналасыз. Одан кейін резидентураға оқуға түсіп, нақты бір бағытты таңдай аласыз. Олар: хирург, лор, гинеколог, офтальмолог, травматолог, кардиолог, педиатр және т.б. Резидентура оқу мерзімі 4 жылға дейін созылады. Басты қасиеттері: - Жоғары білім; - Ұқыптылық, сенімділік және сабырлылық; - Науқас үшін жақсы психолог бола алу. - Мейиримдилік; - Жауапкершілік.
Жылдар бойынша жалпы конкурс динамикасы өтініш алдында бағдар береді.
| Жыл | Грант | Мин. | Макс. | Ауылдық |
|---|---|---|---|---|
| 2025 | 586 | 112 | 135 | Мин.: 103 · Макс.: 112 |
Деректер: жалпы конкурс, күндізгі оқу нысаны
Университет карточкасына өтіп, шарттар мен бағыттарды қараңыз.
Анализатор балыңызды конкурспен салыстырып, қолайлы нұсқаларды көрсетеді.
Осы мамандық бойынша грант, балл және пәндер туралы қысқа жауаптар.
BM086 «Медицина» бойынша 2025 жылы жалпы конкурстың өту балы 112 баллдан басталды. 2026 жылғы нақты өту балы ҰБТ нәтижесі мен конкурсқа байланысты. Грантқа түсу мүмкіндігіңізді Zerdeli анализаторы арқылы тексеріңіз.
BM086 «Медицина» мамандығына ҰБТ-ның бейіндік пәндер жұбы: Биология – Химия.
2026 жылы BM086 «Медицина» мамандығына барлығы 1500 грант бөлінді. Бұл мамандықты Қазақстанның 11 ЖОО-сы ұсынады.